• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:10:19
Алматы
+35°

Шу аудандық мұражайы жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұл тарихи жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, өткен дәуірдің тыныс-тіршілігінен хабар беретін нысанға жергілікті биліктің оң көзқарасын танытады. Әрі бұл өткенді танып, тарихтан сабақ алуды үндейтін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларының негізгі мазмұнымен үндеседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін жергілікті, республикалық басылымдардың беттерінде Шу аудандық мұражайының тозығы жеткен ғимаратта күнелткен мүшкіл халі баяндалған мақалалар жарық көрген болатын. Дәл осы кемшіліктерді тез арада жойып, мұражай қорындағы 4 275 жәдігерді ыңғайлы орынға орналыстыруды қолға алған жергілікті билік аудан орталығы Төле би ауылындағы мейрамхана ғимаратын 3 миллион 760 мың теңге сатып алады. Оны мұражайға лайықты етіп қайта жабдықтау жұмысына 36 миллион 670 мың теңге қаржы қарастырылды.

Жалпы Шу аудандық мұражайы 1986 жылдан бері жұмыс жасап келді. Ал 1989 жылдан бұл нысан Жамбыл облыстық өлкетану музейінің Шу аудандық бөлімі болып қайта құрылды.

Жаңа ғимаратқа қоныстанған музей ғимараты ендігі кезекте өлке тарихына қызығушылық танытқан аудан тұрғындары мен қонақтарына лайықты қызмет көрсетіп, қажетіне жарауды мақсат етіп отыр.

–Қазір мұражайда меңгеруші мен кіші ғылыми қызметкер және бақылаушы жұмыс жасайды. Музей қоры 4275 жәдігерді құрайды. Барлық жәдігерлер тарихи кезеңдер, даталы уақыттарына және маңыздылығына қарай бес бөлімнен тұрады. Атап айтқан музей келушілерінің талғамына қарай археология, этнография, тарихи кезең, Шу өңірі және Тәуелсіз Қазақстан бөлімдеріндегі жәдігерлермен таныса алады. Мұндағы археология бөліміне тұтастай орта ғасырдағы өлке тарихынан сыр шертеді. Ал тарихи кезеңдер бөлмесінде аудандағы Ауған соғысына қатысушылар жайында мол мағұлмат береді. Мұнда олардың майдан даласынан жазған хаттар және қолданған тұрмыстық заттары қойылған. Бұған дейін музей ғимараты ескі ғимараттың қуықтай бөлмесіне орналасқан да тұрғындар онда қолда бар құнды заттарын тапсыруға құлықты болмады. Енді музейдің жаңа ғимаратын көшкенінен хабардар шулықтар оның қорын толықтыруға атсалысады деген сенімдеміз, –дейді мұражай меңгеруші Аида Берденова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір