• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:25:56
+35°

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларынан туындаған міндеттерді іске асыру мақсатында оқушыларды өңірдегі өлкетану музейлерімен таныстыру жұмыстары қолға алынды. Сәйкесінше құландық оқушылар да аудандық өлкентану музейінде болып ондағы жәдігерлер арқылы аймақ тарихына қатысты көптеген тың деректер қанықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрар Рысқұлов аудандық музейі 1983 жылдан бері жұмыс жасайды.

–Мұндағы 9557 жәдігер үш экспозициялық залға орналасқан. Музейге келушілерге археологиялық, этнографиялық, тарихи залдар қызмет көрсетеді. Жәдігерлердің дені өңірдегі тарихи Құлан қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдар және тұрмыстық заттардан тұрады. Сондай-ақ мұражайда Ұлы Отан соғысы тарихынан хабар беретін жәдігерлер, аудандағы соғыс ардагерлерінің құжаттары мен марапаттары лайықты орын алған.

Ауданымыз атын иеленген қазақтың асыл перзенті Тұрар Рысқұловқа арнайы экспозиция да жасақталған.Қазір музейге өлке тарихымен танысуға құштар мектеп оқушыларының көптеп ат басын бұруда, –дейді аудандық музей меңгерушісі Есназар Құрымбаев.

Өз кезегінде оқушылар да музейдегі сапардың өлке тарихын тануға зор септігін тигізетіндігін алға тартады.

–Біз сыныптастарымызбен бірге музейдің археологиялық, этнографиялық, және тарихи залдарын аралай жүріп, аудан тарихына қатысты мол мәліметтермен таныстық. Әсіресе Ежелгі Құлан қалашығының Жібек жолы бойындағы ІІ-ХІІ ғасырларға жататын өзге хан сарайларыының макеттер, «Құлан төбеден» табылған тұрмыстық заттар мен тас мүсіндер ерекше әсер етті. Ал этнография залында Смайл Ырғалбеков ағамыздың қолынан шыққан әшекейлердің жасалу тәсіліне қызыға қарадық. Музейге әр жылдары мектеп оқушыларының қолымен тапсырылған жәдігерлердің қойылуы да бізге аудан тарихына асқан ыждаһаттылықпен қарауды үндегендей болды. Ең бастысы ерте замандар мен өткен ғасырларда ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың күнделікті тұтынған заттар сол дәуірлердің куәгері болып біздің заманымызға жеткен, –дейді Т.Рысқұлов ауданындағы №2 шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Аружан Байғұтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір