• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:38:00
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында суармалы жер көлемі мен жайылымдықтарды суландыру бағдарламасына айрықша көңіл бөлді. Осы орайда Жамбыл облысы Талас ауданында 2019 жылдың 8 айында 25 құдық қазылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, 36 күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар іске қосылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ауданың жер көлемі 1 млн. 220 мың 562 га, оның ішінде егістік жерлер 21 мың 439 гектар, (оның ішінде суармалысы 12264 га), шабындық 22 мың 785 гектар, жайылымдық 414 мың 450 гектар.

2019 жылдың наурыз айында 1 конкурс өткізіліп 21 жер учаскесі, жер көлемі 9 667 гектар, оның ішінде 123,3 гектар суармалы егістік, 9543,7 гектар жайылым жер конкурс арқылы берілді және есепті мерзімде 2 аукцион өткізіліп 2,1 гектар жер учаскесі аукционға беріліп, жергілікті бюджетке түсетін қаржы 17 млн. 239 мың теңгені құрады.

2019 жылдың өнімі үшін барлығы 12171 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру және 1600 га пар дайындау жоспарланған. Оның ішінде: күздік бидай 4000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4221 гектарды құрайды. Көктем айларында 3950 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып 3286 гектарға (83,2%) ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды (оның ішінде: 1310 гектар жаздық арпа, 380 гектар дәндік жүгері, 600 гектар мақсары, 100 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 320 гектар бақша, 230 гектар көкөніс және 750 гектар).

Айта кететін жай, 2019 жылдың өнімі үшін жоспарланған 3200 га күздік бидайдың орнына 4000 га жерге күздік бидай артығымен егілді.

Ағымдағы жылы Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығында 230 гектар алқапқа (130 га қант қызылшасы, 50 га картоп, 30 га пияз, 20 га сәбіз) тамшылатып суару технологиясын енгізіп отыр.

Тамды ауылдық округінде орналасқан «Тамды» темір бетон (лоток) жүйесін (6,1 шақырым) ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 35 млн. теңге бөлінді (жоба құны 70,0 млн. теңге). Темір бетон лотоктарын қайта қалпына келтірген жағдайда 1200 гектар алқапты толығымен және уақытылы сумен қамтуға болады (қәзіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, мердігер қыркүйек айында анықталады).

(Тамды су жүйесі массивін (темірбетон лотоктар жүйесі) механикалық отряд арқылы қайта қалпына келтіру ұсынылды. Бұл массив «Тамды» - 2,14 млн. м3, «Жартас» - 5,05 млн. м3, «Мыңшұқыр» - 7,0 млн. м3 су қоймаларынан су жеткізіледі. Лоток жүйесінің магистралды лотоктарының ұзындығы 6,1 км (жалпы ұзындығы 28 км), суарылатын алқап 1200 га. Бүгінгі күнге нақты суарылатыны 300 га. Осы массивті қалпына келтірілген жағдайда игерілмеген 800 гектарға, қосымша 150-200 га қосылып, жалпы 1100-1300 гектар алқапты толығымен және уақытылы сумен қамтуға болады. 6,1 км магистралды темір бетон лотоктары толығымен қирап, істен шыққан.

Бұл лотоктарды жөндеуге алдын ала есеппен 2 нұсқасын ұсынамыз: 70-80 млн. теңге қажет етеді)Сонымен қатар, аудандағы сорланған суармалы жерлерге 1500 тонна фосфогипсін алу жоспарланған. Бүгінгі күнге «КазФосфат» ЖШС-мен 2146 тоннаға келісім-шарт жасалынып, оның 505 тоннасы тасымалданды (33,6%). Алдағы уақытта бекітілген кестеге байланысты тасымалданатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір