• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:00:03
Алматы
+35°

Мемлекеттік бюджеттің кірістері ел саясатының негізгі ұстанымдарының бірі. Яғни қаржы жоспары түрде құйылып тұрса, ел экономикасының дұрыс бағытта дамып жатқанын айғақтайды. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында кенжелеп тұрған тұстар жоқ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Талас ауданыда кірістер 101,7 пайыз немесе 147 миллион 733 мың теңгеге артық орындалған. Жоспар 8 миллиард 828 миллион 961 мың теңге болса, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне оның орындалуы 8 миллиард 976 миллион 694 мың теңге.

Шығыстар бойынша қаржыны игеру 99,2 пайызға орындалды. Жоспар 8 миллиард 985 миллион 496,2 мың теңге болса, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне орындалуы 8 миллиард 919 миллион 166 мың теңге.

Ауданда салық түсімдерін арттыру және инвестицияларды тарту үшін қазіргі таңда ауданда бірнеше жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда құны 3,7 миллиард теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. «Амангелді ГАЗ» ЖШС-нің «Айрақты» кен орнында қосымша ұңғымалар іске қосылды.

Бүгінгі күні «Урба Солар САС» франциялық компаниясы тарапынан қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын соғу бағытында 150 гектар жер бөлу туралы ұсынысына байланысты. Қазіргі таңда жер қарастыру мақсатында жұмыстары жүргізілуде. (қаржыландыру Халықаралық қаржылық институттар арқылы)

«Талас инвестмент компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі цианид-натрий өнімін жылына қуаттылығы 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға арттыру мақсатында қосымша зауыттың құрылысы соғылатын болады. Жоба құны 18 миллиард теңге.

Сонымен қатар, ауданда 64 тарихи мәдени ескерткіштеріміз бар, алдағы уақытта осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. (жұмыстарды іске асырған жағдайда қонақ үй, мейрамханалар және т.б. жергілікті кәсіпкерлер жұмыспен қамтылады).

Әрине бұл жобалардың жемісі уақыт еншісіндегі нәрсе. Десе де тың тірліктер Таластың тынысын ашатыны анық. Бұған бүгінде бұқарының көзі анық жетіп отыр. Бір ғана «Талас инвестмент компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің елімізде баламасы болмай тұрғанының өзі көп нәрсені аңғартады. Демек таластықтар дұрыс бағытта жүріп келе жатыр деген сөз. Енді тек басы тәп-тәуір басталған жобалардың өміршеңді болғаны маңызды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір