• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:58:52
Алматы
+35°

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен Талас ауданында 2362 субъектісі тіркелген, олардың 153 шағын кәсіпорын, 1410 жеке кәсіпкер және 799 шаруа қожалықтар. Осы тіркелген субъектілердің 1980 немесе 83,8 пайызы жұмысы қарқынды жүргізілуде. Осылайша Жамбыл облысында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ағымдағы жылдың 8 айында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 115 млн. 900 мың тенгеге 27 жоба қаржыландырылды.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 15 млн. 300 мың тенгенің кепілдігі берілді.

Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының 20 млн. теңге бөлінді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша несие алушылардың тізімі ауылшаруашылық қаржы институттарына 229 млн. теңгенің 52 жобасы жолданды. Жобаларады саламен талдайтын болсақ; өңдеу саласы 23,0 млн тенге 3 жоба(жалпы жобаның -5,8%), қызмет көрсету саласы 9,0 млн тенге 3 жоба(жалпы жобаның -5,8%), құс шаруашылығы 2,0 млн тенге 1 жоба(жалпы жобаның -1,9%), мал шаруашылығы 195,0 млн тенге 45 жоба (жалпы жобаның -86,5%).

Аудан тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бойынша «Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану», «Мал шаруашылығын дамыту», «Ауыл сыртындағы жерлердің тиімділігін арттыру», «Кооперативтер құру», «Шағын кәсіпкерлік жобаларды қолдау» аясында халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған 5 бағыт бойынша ауданда 4 млрд. 415 млн. теңге құрайтын 1647 жоба әзірленді. Биылғы жылға Үшарал ауылдық округі пилоттық жобаға еніп, 626 млн. теңгеге 261 жобаға жеңілдетілген несиелер алуға жұмыстар атқарылуда.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобы тарапынан 17 қыркүйекке дейін округтегі 232 үйдің құжаттары тексерілді. Оларды түзетуге қатысты тиісті мекемелердің мамандары жергілікті жерде жұмыс жүргізіп жатыр.

2019 жылғы 17 қыркүйекке «СПК ТАРАЗ»-ға барлығы 19 құжат топтамасы тапсырылды, оның 10-ы қабылданып, қалған 9 құжат толықтыруға қайтарылды. Осы мақсаттағы жұмыстар тиісті мекемелердің қатысуымен тұрақты жүргізілуде.

Кооператив құру, жабдықтау бойынша-227 375 239 тг; («ТАЛАС-2020» ауылшаруашылық кооперативі құрылды, қазіргі таңда «СПК ТАРАЗ»-ды құрылтайшы ретінде қосу мәселесіне қатысты жұмыстар жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір