• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 00:28:15
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

24 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жамбылда талай жан қоныс тойын тойлауда

Ел егемендігінің отыз жылдық бедерінде құрылыс саласы бір дамыл тапқан емес. Әсіресе баспана құрылысына басымдық беріліп, «Қол жетімді баспана – 2020» сынды мемлекеттік бағдарламалар талай жанға қоныс тойын тойлатуда. Жамбыл жерінде де бұл бағыттағы жұмыстар бағдарын тауып, талай тірлік тетігін тауып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Талас ауданында 2019 жылдың 8 айында 3 млрд. 882 млн. 900 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107,9%-ға орындалған. (2018 жылы 3597,9 млн.теңге).

Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2019 жылдың 8 айында 5706 шаршы метрді құрап, индикаторлық жоспар 706 шаршы метрге артық орындалды (8 айдың жоспары 5000 шаршы метр).

«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша ауданда 2019 жылдың 1 қыркүйекке кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1701 адамды құрады.

Бағдарлама аясында Қаратау қаласында жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер (3 мөлтек ауданы № 49,51 және 5 мөлтек ауданы №51,52,55,58 үйлер) жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен берілуде (5 үй беріліп, 1 үй берілуде).

3 мөлтек ауданы №49, 51 және 5 мөлтек аудандағы №51, 52, 55, 58 тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға және инфрақұрылымды қайта құруға 2018 жылға 870 млн. 408 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді (2017 жылы 234 млн. 444 мың теңге).

Сонымен қатар, қаладағы бос тұрған 3 көпқабатты тұрғын үйлер коммуналдық меншікке алынып, аудандық бюджеттен 14 млн. 910 мың теңге бөлініп, екі үйлердің жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына 629 млн. 198 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылып, бір үйдің жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

5 мөлтек аудандағы №26 үй-55 пәтерлі, жоба құны 341 млн. 277 мың теңге,

3 мөлтек аудандағы №22 үй-60 пәтерлі, жоба құны 287 млн. 921 мың теңге,

3 мөлтек ауданы №17 үй- 64 пәтерлі, барлығы 179 пәтер.

Бүгінгі күнге көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №3 және №4 жатақханалары Талас аудандық сотының шешімімен ағымдағы жылдың сәуір айында коммуналдық меншікке алынып, қайта жаңғырту жұмыстарына 504 млн. 484 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама жасалынып, 3 мөлтек ауданы №3 жатақхана мемлекеттік сараптамадан өтті, №4 жатақхана өтуде. (бір жатақхананын құны 252 млн 242 мың теңге).

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір