• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:49:05
Алматы
+35°

Қандайда болмасын мемлекеттің қарыштап дамуы экономика мен саяси тұрақтылыққа байланысты екені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жуырдағы Жолдауында осынау саясатты берік ұстанып, жасампаз мемлекетімізді жаңа белестерге жетелейтін жолды көрсетті. Бұл орайда бұл бағытта облыс орталықтары ғана емес, аудандардың да атқарар рөлі орасан. Ал Жамбыл облысы Талас ауданында жыл ішінде атқарылған тындырымды тірліктер жетерлік, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Зерделеп қарасақ, ағымдағы жылдың 8 айында Талас ауданы тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі арқасында жоспарлы жұмыстар жүзеге асып, барлық сала бойынша негізгі көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп, оң динамика қалыптасқан.

Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 27 миллиард 473 миллион 100 мың теңгені құрап (2018 жылдың қаңтар-тамыз айында 22 миллиард 479 миллион теңге), 122,2 пайызға орындалған. Немесе 4 миллиард 994 миллион 100 мың теңгеге артық түсім түсіп отыр.

Өнеркәсіп өнімдері 15 миллиард 838 миллион 500 мың теңгеге өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 4 миллиард 101 миллион 900 мың теңгеге артық немесе 134,9 пайызға орындалған. Нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрады. (2018 қаңтар-тамыз 11 миллиард 736 миллион 600 мың теңге)

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6 миллиард 496 миллион 500 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға немесе 218 миллион 700 мың теңгеге артық түсіп отыр. (2018 қаңтар-тамыз 6 миллиард 277 миллион 800 мың теңге)

Байқап тұрсаңыздар негізгі салада өсім бар. Және бір емес бірнеше есеге өскен. Әрине бұл жанға жылу беретін ақпар. Оған қоса, Талас ауданы кейінгі онжылдықтың бедерінде адам танымастай өзгергені жасырын емес. Бір жылдары Қаратау қаласынан үдере көшкен жұрт бүгінде атақоныстарына оралып, тындырымды тірлікке ұйытқы болуда. Одан бөлек, «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының бір бөлігі осы елді мекенде жанданып, талай адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ «ТаласИнвестКомпаний» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де елімізде баламасы жоқ кәсіпорнына айналып, алтын өндіру саласындағы теңдессіз өнім шығарып отыр.

Бұның барлығы Таласты түлетіп, тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталып жатқан шаруалар екені анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір