• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:34:35
Алматы
+35°

 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Youtube желісінде Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін ұсталғандығы жөніндегі видео жарияланды.

Қазір облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары, полиция полковнигіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасуға көмектескені үшін 400 000 теңге мөлшерінде пара алып, оны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.  Айыптыға қатысты қорытынды шешімді сот шығаратын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір