• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:13:19
+35°

Жұмыссыздықпен күрес бүгінде мемлекет тарапынан қарқынды жүргізілуде. Ел саясатының негізгі ұстанымы да осы. Сондықтан бұл бағытта жылда түрлі мемлекеттік бағдарламалар жанданып, салалық мамандарға нақты тапсырмалар жүктелуде. Соның нәтижесінде жыл санап жұмыссыздар саны азайып келеді. Бұл үрдіс Жамбыл жерінде де кең көрініс табуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен Талас ауданында халықтың саны 55045 адамды құрап, Қаратау қаласында 30481 адам, ауылда 24564 адам (2018 жылы-55010), жалпы халық саны 35 адамға өскен.

Халықтың орташа айлық жалақысы 114196 теңгені құрап, 22,9 пайызға артқан (2018 жылы-92868).

2019 жылдың 8 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 668 миллион 902 мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1516 отбасындағы 7658 адамға 649 миллион 657 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 530 отбасындағы 2453 адамға 13 миллион 320 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек 81 адамға 5 миллион 925 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

2019 жылдың 8 айында жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 2241 адамның жұмыспен қамтылғандар саны 1162 адам.

2019 жылы 198 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсымен қамтамасыз ету жоспарланып, оған облыстық бюджет есебінен 37 миллион 715 мың теңге жоспарланған. Оқу курстарына жоспарланған 198 адам толық жолданып, 8 айдың нәтижесімен 29 миллион 407 мың теңге игерілді. Оқуды 60 адам аяқтап, оның 8-і жұмыспен қамтылды.

Жалпы жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес екені даусыз. Осыны жіті түсінген сала мамандары күнделікті өтініш білдірушілер мен жастарға екі қолға бір күрек тауып беруге тырысуда. Күні кеше ғана жұрт үдере көшіп, өндіріс орындары жабылып, кедейшілік шыдам шегінен шығып, тұрғындардың тұрмысы қиындап келешегі бұлынғыр көрінгей Қаратау қаласының бойына қайта қан жүгіріп жатқаны қуантады. Есесіне халықтың саны артса, жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылғаны абзал. Бұл сенім үдесінен бүгінде таластықтар шығып жатқаны анық. Ендеше ауданның әрбір ісіне тек сәттілік тілейміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір