• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:12:56
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңінің басталғандығының айқын көрінісі. Жолдаудағы басым бағыттарда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында және заманауи тиімді мемлекет құру үшін барлығымыз азаматтық жауапкершілікті арттырып, ел игілігі үшін бірлесе еңбек етуіміз керек. Бұл орайда Президент Жолдауда ұлт саулығы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтты. Ендігі кезекте осынау міндетті мінсіз орындау алдымызда мақсаты тұр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жалпы Жамбыл облысы Талас ауданындағы дене шынықтыру және спорт саласына тоқталсақ, елді мекенде 213 спорт нысаны бар. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 16 мың 534 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 29,9 пайызын құрады. 2018 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 0,7 пайызға өскен.

2019 жылы аудандық бюджеттен Қаратау қаласындағы бокстан және спорт ойындары түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 миллион 496 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақкөл ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 миллион 230 мың теңге бөлініп, келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Бөлтірік шешен ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 миллион 500 мың теңге бөлініп, конкурстық комиссияның қарауында.

Сонымен қатар, аудандық аймақтық «Жол картасы» әзірленіп 6 спорт нысандарының құрылысы белгіленді. Олардың құрылысы толығымен демеушілер есебінен қаржыландырылады. Олар Қызыләуіт 2 нысан, Майтөбе, Есейхан, Тамды, Үшарал ауылдарында бір-бір нысан.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы Туған жерге ту тігуге бағытталғаны белгілі. Ал таластық жомарт жүрек демеушілердің ауылдарға спорт нысандарын салып беріп, елдің еңсесін тіктеп жатқаны қуантады. Ал сондай кәсіпкерлердің тілін тауып, тірлігіне араластырып отырған жергілікті биліктің де жұмысы мақтауға тұрарлық. Ендеше іске сәт дейміз. Таластықтардың спортты жанына серік еткен халықтың үлес салмағы өсе бергей.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір