• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:13:21
Алматы
+35°

Облыста 70 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 54 пайызын жастар құрайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы мәлім етті.

Брифингте Президенттік жастар кадрлық резервіне қалай қатысуға болатыны туралы кеңінен түсіндірілді. 

– Облыста 23-29 жас аралығындағы 86 адам жұмыс істейді. Ал 30-39 жас аралығындағы 518 қызметкер басшылық қызметтерді атқарады. Оның ішінде облыс әкімінің бір орынбасары, үш қала мен аудан әкімі, облыстық басқармасының 10 басшысы мен 45 ауылдық округтің әкімі бар, – деді Жанна Қабдолдақызы.

Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет. Оған кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының жоғары білімді азаматы үміткер бола алады. Тіркеу онлайн платформада жүргізілмек. Брифингке қатысқан «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» ШҚО-дағы филиалының директоры Сергей Ковалев осылай деді.

– Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміткерлер алдымен тесттен өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жобалардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады, – деді Сергей Ковалев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір