• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:12:59
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қаланың энергокешенінің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласы шаруашылық кешендерінің алдағы жылу маусымына дайындығы белгіленген кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.

Қаланың барлық энергокешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.

Биылғы жылдың 27 қыркүйектегі жағдайы бойынша энергокешеннің жалпы дайындығы 100%-ды құрайды, оның ішінде:

- жылу желілері – 100% (1222 км);

- электр желілері – 100% (7642 км);

- газ желілері – 100% (5095 км);

- «Алматы Су» МҚК сумен қамту желілерінің дайындығы – 100% (3183 км);

- білім және денсаулық сақтау объектілері автономды қазандықтарының дайындығы – 100% (білім – 50 нысан, денсаулық сақтау – 16 объект), «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарының дайындығы – 100% (79 қазандық бірлігі).

- автономды қазандықтардағы отын қоры – 100% (білім – 2-і көмірмен жанады,50 тонна көмір, 14-і дизельмен жылытады, 3600 тонна, 34-і газбен ысытады; денсаулық сақтау – 2-і диз. отын, 70 тонна, 14-і газбен жылиды), АТКЭ көмірдің дайындығы – 100% (110 тонна) мазут, 103% (жоспардағы 8,2 тонна орнына 8,5 тонна). Алдағы жылу маусымына дайындық паспорты 2019 жылдың 11 қыркүйегінде алынды.

- «Алматы электр станциялары» АҚ қондырғыларының дайындығы – 100% (71 қондырғы бірлігі). Дайындық паспорты 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінен алынған.

АлЭс-ындағы отынның нормативті қоры – көмір 123% (жоспардағы 211 мың тонна орнына 237мың тонна) және мазут 119% (жоспардағы 21 мың тонна орнына 25 мың тонна).

- білім объектілерінің дайындығы – 100% (444 объектілер бірлігі);

- денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы – 100% (78 объектілер бірлігі)

-көпқабатты үйлердің дайындығы  – 100% (7717 КҚТҮ).

2019 жылы 9 базадағы көмірдің жоспарланған қоры 245 мың тонна екені тұрғындарға алдын ала хабарланды. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде базалардағы нақтылы отын қоры – 17,5 мың тонна.

Айта кетерлігі, қалада жыл ішінде орта есеппен 50 мың тонна көмір жағылады.Қалған отын (195 мың тонна, бұл жалпы көлемнің 80%-ы) Алматы облысына (Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары) жіберіледі.

Брифинг барысында дебиторлық қарыз туралы да айтылды. Биылғы жылдың 25 қыркүйегінде коммуналдық қызмет үшін дебиторлық қарыз 2,6 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде: 1,75 млрд теңге (67%) – жылу мен ыстық судың қарызы, 226 млн теңге (9%) – суық су мен кәріздің қарызы, 446 млн теңге (18%) – электр жарығының қарызы және 170 млн теңге (7%) газға төленетін қарыз.

Жыл басынан бері қарай жеке сот орындаушыларына жалпы құны 1,164 млн. теңге болатын 4,8 сот шешімі берілген еді, олардың құны 137 млн. теңге болатын 1,2 мың талап (иск) қанағаттандырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір