• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:31:02
Алматы
+35°

Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тұрғындарымен кездесу кезінде түскен өтініштермен ауданда жұмыстың қалай жасалып жатқанын айтып берді, деп жазады almaty.gov.kz сайты.

Жалпы кездесу барысында 79 сұрақ қойылды, олардың. 10-ы шешілді, 24-і түсіндірілді, 45-і жұмыс үстінде.

Аудан әкімі Ибрагимов көшесінің абаттандырылғанын, Алатау ықшамауданында балалар алаңы мен «Ардагерлер» аллеясының ашылғанын, ҮАК бойындағы Алатау ықшамауданының кіре берісіне бағдаршамның орнатылғанын айтты.

«Көкбазар» маңында стихиялы сауданы жою үшін (Мақатаев көшесі бойындағы «Түркістан» СҮ-нің алдына, «Көкбазардың» алдына) полицияның 2 күзет пункті қойылды. Мониторинг бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобы құрылды.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Таулы қырат ықшам ауданындағы Тайманов көшесіне футбол және воркаут алаңдарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Горная көшесіндегі үйлер тексерілді, мұндағы 35 үйде 165 адам тұрады. Тексеру барысында 18 үйдің (тұрғындар саны 50 адамға жуық) топырақ көшкініне ұрынуы мүмкін екені анықталды. Шығыс беткейдегі 6 және солтүстік беткейдегі 4 үй қауіпті аймақта орналасқан. 10 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қалған үйлер жөндеуді қажет етпейді.

«Алматы әкімі айтқан «Шетсіз қала» қағидасына сәйкес біздің алдымызда ауданды болашақта дамыту міндеті тұр: бұлар Ақ қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Бутаковка ықшам аудандары мен Каменск қыраты елді мекені. Аталған ықшам аудандарда жол, сумен қамтитын және суды бөлетін құбырыларды салу, әлеуметтік маңызы бар білім (мектептер, бала бақшалар, мини орталықтар) және медициналық мекемелерді (ФАП-тар), денешынықтыру-спорт кешендерін,парк аймақтарын және полицияның күзет пункттерін ашу қажет»,  деді аудан әкімі.

Полицияның күзет пункттеріне келетін болсақ, нысанды жалға алу келісімін жасай отырып, Сұлусай, Кеңсай, Ақ қайың және Кеңсай ықшам аудандарында 5 пункт ашу ұсынылды. Көлсай, Ақ қайың ықшам аудандарында фельдшерлік-амбулаториялық пункттер, сонымен қатар Думан елдімекенінде қосымша осындай дәрігерлік пункт ашылады.

«Шетсіз қала, шекарасыз медицина» қағидасы бойынша тамыз-қыркүйек айларында Кеңсай мен Каменск қыратында дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Оқушы орындарының тапшылығын шешу бойынша Думан елді мекеніндегі № 172 мектеп жанынан 850 орынды қосалқы нысан салынуда. Оның құрылысы 2020 жылдың наурыз айныда аяқталады.

Сонымен қатар, Жайлы қалалық орта басқармасымен бірге Алатау ықшам ауданындағы № 7 мектептің ғимаратын сейсмикалық күшейту, қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізу бойынша жоба әзірленген еді. Қазіргі кезде өтініш қабылданды, іс 2020 жылы қолға алынатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір