• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:10:26
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

26 Қыркүйек, 2019 NEWS

Медеу ауданында ШОБ 12 мың субъектісі бар

 

Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады, деп жазады almaty.gov.kz.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 99,8 млрд теңге немесе қалалық көрсеткіштің 25%. Сыртқы инвестиция көлемі 25,4 млрд теңге немесе қалалық көрсеткіштің 46%.

«Мұндай экономикалық көрсеткіштерге белсенді кәсіпкерлердің арқасында қол жетті, яғни ауданда ШОБ-тің 12 мыңға жуық субъектісі бар, оларда 150 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде ауданда қалыптасқан жайлы инвестициялық ахуал барысында жалпы сомасы 300 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция 28 ірі нысанды салуға мүмкіндік береді, соның арқасында мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», –  деп атап өтті аудан әкімі.

Аудан әкімінің сөзі бойынша, 14 тұрғын кешенінде 983 мың кв. м. шаршы метрлі 85 үйдің (7100 пәтер) құрылысы жүруде. Сонымен қатар, 4 халықаралық білім нысаны – «Самал-3» ықшамауданындағы 800 орынды «Самал білім» мектебі, ШААЖ 540 орынды фин-американдық мектеп, «Сабис» халықаралық мектебі. Таулы қырат ықшамауданындағы музыка мектебінің жобасы жасалуда.

Бұдан өзге, Құлжа трассасы бойындағы «Леруа Мерлен», «Еуразия форумы» ОСО құрылысына жалпы құны 6 млрд-тан астам инвестиция салынды.

Ауданда 200 адам қабылдайтын емхана мен Таулы қырат ықшамауданында медорталық, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және бизнес нысандары салынады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір