• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:14:21
+35°

Бостандық ауданының 86 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» орталығында кеңес пен әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп жазады almaty.gov.kz.

Оның айтуынша, ауданда тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылып, «Іsker ana» жобасы жүзеге асуда.

Жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 адам «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау» оқуына жіберілді, қазан айынан бастап тағы 60 адам оқытылады. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 1234 көпбалалы отбасы тұрады, оның 86-сы «Бақытты отбасы» орталығында әлеуметтік көмек пен кеңес алды.

375 отбасына (1837 адам) АӘК тағайындалып, төленді. Соның ішінде 249 көпбалалы отбасы бар. Сонымен қатар, ауданның кәсіпорындарымен бірлесіп ауданның 269 көпбалалы отбасына қайырымдылық акциялары өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір