• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:52:21
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте аудан әкімі Алтай Рахымбетов Бостандық ауданында су басудың алдын алу үшін не жасалғанын және азаматтардың өтініштерімен қалай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Мәселен, Лисянский көшесінің солтүстік жағындағы жол жиектеріне бордюрлер орнатылды. Осындай бордюрлер Тимирязев көшесінің солтүстік жағындағы арық жүйесінің бойымен басқа көшелерге жаңбыр суын бұру үшін орнатылды. Бұл шара Тимирязев көшесіндегі (Айманов көш.қиылысы) үйлердің аулаларында су басу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінде 118 сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылыққа (аула аумағын абаттандыру, ескі үйлерді бұзу және т.б.) және абаттандыруға (жол төсемдерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, арық желісін санитарлық тазалау, жасыл желектерді санитарлық кесу және бұзу), сондай-ақ, тротуарлар мен жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлік желілерін дамыту және жаңғырту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі.

1.14.1 Жол белгісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы жаяу жүргіншілер жолы мен әл-Фараби даңғылы бойындағы баспалдақ аралығы жөнделді.

Саин көшесіндегі (Асқаров көш.қиылысы) жасыл желектерді суару кестесі ретке келтіріліп, соған сәйкес жұмыстар күндізгі уақытта 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін, түнгі уақытта 21:00-ден 6:00-ге дейін тұрақты негізде жүргізіледі. Жароков көшесіндегі № 292 үйге жылу беру жүйесі ретке келтірілді.

Техникалық қабаттағы тұрғын емес үй-жайға қайта тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде жылыту жүйесінің бұзылмағаны және жұмыс жағдайында екені анықталды.

Сонымен қатар, 18 улы газ датчигі орнатылып, 140 отбасының үйлеріне газ құбыры жүргізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір