• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:34:52
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша борыш жүктемесін азайтуға кімнің құқы бар және ол үшін «қара тізімге ілінуі» мүмкін бе деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді, жазады almaty.gov.kz сайты.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша қарыздардың біррет кешірілетінін айтты.

Ереже азаматтардың мына бес санатына қатысты:

1) Көпбалалы отбасылар;

2) Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;

3) Мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;

4) Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;

5) Жетім балалар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа толмаған балалар.

Жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сай үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелетін сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 мың теңге болғаны жөн.

Бұл санаттағы азаматтар берешегінің өтелуі олардың қаржылық табысына еш қатысы жоқ.

«Мысалы, АӘК алатын отбасы жалпы сомасы 2,5 миллион теңге болатын екі тұтынушылық несие алып, оны тек отбасының бір мүшесіне рәсімдеген. Бұл жағдайда жалпы сомасы 300 мың теңге болатын екі несие де өтеледі. Егер отбасы мүшелерінің бірнешеуі несие алса, яғни несиенің келісім шарты әр адамның атына жасалса, онда борыш әр несие шарты бойынша өтеледі Мәселен, отбасының үш мүшесіне үш несие рәсімделсе, онда әрбір келісім шарт бойынша 300 мың теңгеге дейінгі борыштарын өтеуге құқылы. Яғни, отбасының үш мүшесінің қарызының жалпы сомасы 900 мың теңгеге дейін болуы тиіс», – деп жауап берді А. Нарматов.

ҚР Ұлттық банктің Алматы филиалы директорының орынбасары Гүлнар Шеметова өзінің сөзінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі берген тізім негізінде банктер мен микро қаржылық ұйымдар бірінші бағыт бойынша 507363 азаматтың негізгі және сыйақылық 105147,8 млн. теңге қарызын өтеді, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 115 998 азаматтың жалпы сомасы 18 380 млн теңге болатын қарызы кешірілді. Сонымен қатар, 263 527 азаматтардың банктер мен микроқаржылық ұйымдардағы жалпы сомасы 32 024 млн теңге болатын борышы толық өтелді.

ЕДБ мен МҚҰ екінші бағыт бойынша биылғы жылдың 30 шілдесінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша азаматтар борыштарының өсімпұлдары мен айыппұлдарын алып тастады.

Көрсетілген қолдау сомасы 33 млрд теңгеден ( 1,2 млн жуық азаматтар) асты, оның 70 %-ы немесе 24 млрд теңге өтелді (кешірілді) кредиторлардың жеке қаржылары есебінен, қалған 30 % немесе 10,1 млрд теңге ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін Ұлттық банк есебінен өтелетін болады.

Алматы қаласы бойынша 248400 азаматтың жалпы сомасы 7120,62 млн теңге болатын несиесінің өсімпұлы мен айыппұлы алынып тасталды.

«Егер азамат жыл аяғына дейін өзінің бес санаттағылар қатарына жататын құжатын көрсетсе, онда тізім қайта жасалады. Яғни, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін несие алғандар өшіріледі. Айта кетерлігі, мемлекет қарызын өтегендер «қара тізімге» ілінбейді. Жеке тұлғалардың қарыздары үшінші жақтан өтеледі. Бұл теріс фактор болып есептелмейді. Және болашақта азаматтың несие алуына еш кедергі келтірмейді», – деп атап өтті Г. Шеметова.

Несиелік қарзыдар кезек бойынша кешіріледі. Ең алдымен жоғары жылдық тиімді сыйақы алған қарыздар өтеледі. Екінші кезекте негізгі қарызы көп емес несиелер кешіріледі. Үшінші кезекте қарыз алуды ерте рәсімдегендердің борышы алынады.

Нақтылы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook-тағы (https://www.facebook.com/103633851027565/) және Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk) аккаунттарынан алуға болады.

Борыш жүктемесі азайтуға мүдделі азаматтар өзінің қай санатқа жататындығын былайша біле алады: ( nws6.enbek.kz/kk/status-check кіру арқылы).

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсынан: http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 бойынша, ол үшін ЖСН енгізіп, өтініш жіберу қажет;

- Электронды үкіметтің басты бетіндегі «Борыш жүктемесін азайту жөніндегі бағдарламаға қатысып, санатты білу» электронды сервисі арқылы, ол үшін электронды қолтаңба қажет.

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасындағы call-орталықтан 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары арқылы кеңес алуға болады.;

Борыштық жүктемені азайту жөніндегі кеңестерді мыналар береді:

-халыққа қызмет көрсету орталығы;

- Алматы қаласының Әлеуметтік әл- ауқат басқармасы;

- «ӘСМҚ» АҚ;

- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір