• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:07:04
Алматы
+35°

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына әр заманның әрқилы дана адамдарының даналық сөздерін ұсынады

Вольтер: «Уақыт оны пайдалана білетіндерге, еңбек ете  білетіндерге, ой толғай білетіндерге, уақыттың өрісін кеңейте білетіндерге жетіп-ақ жатыр».

***

Гете: «Өз көзіңмен көруге ең қиыны не нәрсе? Қарсы алдыңда жатқан нәрсе».

***

Карамзин: «Білімсіз ақыл – мешеу».

***

Фарадей: «Оқымысты кез келген тұспал-жорамалға құлақ асатын жан болуға тиіс».

***

Эйнштейн: «Егер немістердің атом бомбасын жасау қолынан келмесін білсем, онда мен ол  пәленің маңайынан да жүрмес едім».

***

Ламетри: «Өз кемесін ақыл-парасаттың және шындықтың айдынынан бағыттаған жар қарсы беттен соққан желге дес бермес болар...».

***

Кюри: «Қолымыз жеткен табыс құйттай болса да – олжа».

***

Конфуций: «Нені білетініізді білетініміздің өзі, нені білмейтінімізді білетініміздің өзі – шынайы білім».

***

Клаудис: «Білгеніңді барлық уақытта айта берме, бірақ барлық уақытта не  айтарыңды біл».

***

Науаи: «Аз сөйле, көп тыңда. Аз сөйлеген қателеспес, аз жеген ентікпес».

***

Павленко: «Әр нәрседен хабардарлығыңа мақтанба, үндемегеніңді ғанибет көр».

***

Вольтер: «Өзгенің сырын айтып қою-сатқындық, өз сырыңды айтып қою-ақымақтық».

***

Анахарсис: «Ызақор адам көмірге ұқсас: күйдірмесе де, күйелейді».

(жалғасы бар)

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір