• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:09:30
Алматы
+35°

Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін «Талибан» радикалды қозғалысы мойынына алды.

Еске сала кетейік, кеше Ауғанстан халқы ел президентін сайлады. Саяси шара 2001 жылы «Талибан» радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4-рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен Премьер-министр Абдулла Абдулла бар.

Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7-сі күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23-і күні екінші тур өтеді.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір