• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:23:23
+35°

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және басқа да азық-түлік қымбаттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл жаңа піскен көкөніс маусымы салыстырмалы түрде ерте аяқталған дейді сарапшылар.

Қыркүйекте орамжапырақ пен қияр бағасы тамызбен салыстырғанда 15 пайызға қымбаттаған. Сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ - 1,7 пайызға өскен.  Сондай-ақ, кейбір көкөніс бағасы сәл арзандаған - пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға) қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайыз). Ал қызанақ бағасы 1,4 пайызға төмендеді. Соған қарағанда, енді олардың да бағасы өсетін болады.  Жемістер арасында апельсин - 4,3 пайызға қымбаттаған. Ал банан бағасы, керісінше, бір айда 2,8 пайызға төмендеді. 

ет қымбаттады

Жұмыртқа - 6,1 пайызға қымбаттады. Мұзға қатырылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті - 2,1 пайызға, жылқы еті - 2 пайызға қымбаттады. 

Ет қымбаттады

Тары бағасы 3,1 пайызға, ал күріш 2,2 пайызға өсті.

ет қымбаттады

Сусындар мен бакалеялық тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды. Қант, мысалы 4,6 пайызға арзандаған. 

 

ет қымбаттады

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір