• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 19:42:56
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

30 Қыркүйек, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Үкіметте ақша жоқ, енді тумаңыз, күйеуіңізге мараторий жариялаңыз!"

Біреу сізге: «Келіңіз!» деп алып, артынша: «Кете беріңіз!» десе жақсы көресіз бе? Бір түрлі болып қаласыз, тіпті, ұнжырғаңыз ұн болып, солып қаласыз! Бір депутат кабинетінде қоғамдық қабылдау жүргізіп жатыр дейді.

– Келіңіз!

Кабинетіне ешкім кірмесе де:

– Мұнда отыра беріңіз! –деді. Сосын, бос орындыққа қарап, желкесін қасыды да:

– Ия, не мәселемен келдіңіз? –деп сұрады. Жоқ адам «үндемеді.»

– Неге сөйлемей отырсыз?

– ?

– Бірдеңе десеңізші?

– ?

– Сөзден салат жесеңізші?

– ?

– Әшейін келдіңіз бе?

– ?

– Менің бірдеңе айтатыныма сендіңіз бе? Қандай адамсыз? Сөйлесеңізші? Ішім пысып кетті, тілім қышып кетті? Сөйлемейсіз бе? Онда шығып тұрыңыз, Қысқасы, бұл жерден құрыңыз! Келесі?

Кабинетіне сайтан да, шайтан да кірмесе де, орнынан тұрып:

– Келіңіз! –деді. Сосын есікті нұсқап:

– Кете беріңіз! –деп салды. Креслосына шалқая түсіп, ары–бері айналды да, есік жаққа қарады. Шашын тарады.

– Келесі?

Ішке ешкім кірмесе де:

– Сәлеметсіз бе? –деді, – мұнда отырыңыз, ия, не мәселемен келдіңіз? Шешеміз мәселені. Депутат болып, «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып, босқа отырған жоқпыз ғой? Не дедіңіз? А? Міңгірлемей, анық айтыңызшы? Ішім ауырып отыр? Қызық екенсіз, мен дәрігер емеспін ғой? Депутатпын! Мың теңге қарыз бере тұрыңызшы деймісіз? Сіз, не, ойнап отырсыз ба? Мен қоғамдық қабылдауды жүргізіп отырмын! Халықтың мәселелерін шешуім керек! Ал, сіз қарыз сұрайсыз? А? Есінеуге бола ма деймісіз? Біздің елде тиым салынған! Шығыңыз кабинеттен!

Ол жоқ адамды кабинетінен «қуып» шықты. Жүйкесі тозып, қолын сигаретіне созып, бір талын алды да, тұтата бастады:

– Кіріңіз!

Ешкім кірмесе де:

– Көп балалы анасыз ба? –деп сұрады. Сосын өзіне–өзі:

– Ия, – деп жауап берді.

– Туа бергенсіз, туа бергенсіз. Как будто, үкімет үшін туып жатқандай.

Өзіне өзі:

– Қиналып кеттім.. –деді.

– Енді бала туу оңай дейсіз бе? «Пық!» етіп шыға салатын шампанскийдің тығыны емес қой?

Өзіне–өзі:

– Жоға, өмірден қиналып кеттім, балаларыма жәрдемақы... –деп жауап берді.

– Е, баяғылы бері солай демейсіз бе? Үкіметте ақша жоқ, енді тумаңыз, күйеуіңізге мараторий жариялаңыз! –деген депутат жоқ «әйелді» де кабинетінен шығарып салды.

...Беу дүние–ай, осындай өтірік ақпар бере салатын, халықпен кездессе, кене шағып алатындай көретін депутаттардың бар екеніне сенесіз бе?

Мұхтар Шерімнің фейсбук парақшасынан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір