• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:34:59
Алматы
+35°

Жамбыл облысының 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына 99,8 пайызға дайын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жыл басынан бері жүргізілген тыңғылықты әзірлік шараларының нәтижесі.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 437 автономдық қазандық болса, алдағы маңызды маусымға оның барлығы сақадай сай тұр. Сондай-ақ, 340 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің 338,5 шақырымы, 969,2 шақырым сумен жабдықтау желісі де толық дайын. Оның 21 шақырымы биыл жөндеуден өткен.

Аталған желілер арқылы 1670 бюджеттік нысанға жылу беріледі. Бұл нысандар да жылыту маусымына толықтай әзір. Сол секілді 786 білім, 390 денсаулық сақтау және 494 мәдениет нысаны жылу қабылдауға тас-түйін дайын отыр. Одан бөлек, 1579 көпқабатты үйге жылу беріледі.

Қыс мезгілінде қатты отын – көмір төңірегінде бірқатар мәселе туындайтыны бар. Өткен жылдағыдай қарбаласты болмһдырмау мақсатында аймақта алдын алу шаралары жүргізілген. Жалпы, облыстағы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына қажетті көмірдің көлемі 66,4 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда қажетті отын толықтай жеткізілген. Бұл жұмысты Тараз қаласы және облыс аумағында 30 жеке компания жүзеге асырған.

Ал жамбылдықтардың жеке тұрғын үйлеріне қажетті көмір көлемі 254,6 мың тоннаны құраса, аталған көлемнің 147,7 мың тоннасы немесе 58 пайызы жеткізілген. Жауапты мамандар көмір бағасы шарықтамайтынын айтады. Бүгінде облыс аумағында көмірдің тоннасын теміржолдың тұйығынан арақашықтығына, кеніш орны мен фракциясына байланысты 11мың мен 14 мың теңге аралығында сатуда.

Моноқалалардағы орталық қазандықтарды отынмен қамту да жүйелі жүзеге асырылған. Мамандар оларды отынмен толықтай қамтуға 1,1 млрд. теңге қажет екенін айтады. Қазіргі уақытта 2019 жылға облыстық бюджеттен 496,8 млн.теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 105,7 млн. теңгесі Қаратау қаласына 4,5 млн. текше метр газ алуға , 389 млн. теңгесі Жаңатас қаласына 5062 тонна мазут алуға қаралған.

– Сондай-ақ, Қаратау қаласының қазандығына жылыту маусымына қажетті 11,4 млн. текше метр газға 273,6 млн.теңге қажет. Бұл мақсатта 2019 жылдың 4-ші тоқсанына 4,5 млн. текше метр газға 105,7 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Жаңатас қаласына 10646 тонна мазутқа 1 041,3 млн. теңге қажет. 2019 жылдың 4-ші тоқсанына 5062 тонна мазутқа 535,1 млн. теңге қажет. Бүгінге 305,1 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. ҚР Энергетика министірлігінің хатына сәйкес мазутты тасмалдау бағасымен 105,7 мың теңге болып белгіленген. Осыған орай, алдағы

облыстық бюджеттін нақтылауына 145,9 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

2020 жылдың 1-ші тоқсанына 5584 тонна мазутқа 590,2 млн. теңге қажет. Ал, Шу қаласының қазандығына өткен жылыту маусымынан қалған 183,2 млн. теңгеге 7,4 млн. текше метр газ сатып алуға жеткілікті. Сонымен қатар өткен жылыту маусымынан қалған резервтегі 744,3 тонна көмірлері бар, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ. Қорғанбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір