• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:49:33
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова іссапармен Сарысу ауданында болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сұлушаш Сәтбекқызы сапары кезінде ол аудан жұртшылығымен жүздесіп, әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сұлушаш Сәтбекқызы жұмыс сапарын Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Ұйым ауылындағы Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебіндегі спорт зал құрылысының жұмыстарымен танысудан бастады.

Сонан соң облыс әкімінің орынбасары Саудакент ауылындағы «Ақбота» бөбекжай- бақшасына соғып, ондағы бүлдіршіндерге жасалған жағдайды көрді. Балабақша меңгерушісі ғимараты 1972 жылы пайдалануға берілгендігі мен сыйымдылығы 280 орындықты балабақша екендігін басқа да кезекте тұрған балалар саны мен қажеттіліктерін жеткізді.

Ал,Саудакент ауылындағы техникалық шығармашылық орталығына келгенде Сұлушаш Сәтбекқызы ондағы оқушылар қолымен жасалған роботтармен танысып, олардың жұмыс атқаруын іске қосу арқылы тексеріп көріп, тәнті болды. Мұндай техникалық шығармашылық орталықтың жұмысын бағалау керек деп көңілі толды. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек өз кезегінде аталмыш ұжымның іскерлігін тілге тиек ете келе, жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай екенін айтты.

Сонан соң аймақ басшысының орынбасары аудан орталығы Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің және «Коворкинг» білім орталығының жұмыстарымен де танысып, заманауи технологиямен жабдықталғандығын, жұмыс нәтижелі екендігіне қуанды.

Жаңатас көпсалалы колледжінде білімгерлермен өткен кездесуде сарысулық жастар Сұлушаш Сәтбекқызына ойларында жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жастар бойындағы ынта мен жігерлеріне риза болған С.Сәтбекқызы естелікке суретке түсіп, қашанда ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсетуге әзір екендігін айтты.

Келесі кезекте С. Құрманбекова аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдап, сауалдарына жауаптар берді. Онда тұрғындар ауыл-аймақтардағы шешімін күткен әлеуметтік мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын қарастыруды сұрады.

Сапар соңында Сұлушаш Сәтбекқызы аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив отырысын өткізді. Ісспар барысында көрген-білгенін толық саралай келе, Сұлушаш Сәтбекқызы бірқатар атқарылуы тиісті тапсырмаларға да тоқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір