• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:29:15
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2019 Маңғыстау облысы

Әбіш Кекілбайұлы атындағы орталықтың құрылысы аяқталуға жақын

Қазан айында Ақтауда ауданы 8742 шаршы метрді құрайтын Әбіш Кекілбаев атындағы мұражай ашылады.

«Қыркүйек айының аяғында тапсырамыз деп жоспарланған мәдени орталықтың дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта актілері, құрылысқа қажетті құжаттары жасақталып, тапсыруға дайындап жатырмыз. Ал кітапхана мен музей құрылысының аяқталу мерзімі 2020 жылдың аяғы»,- деді Елдар Қуатұлы.

Мердігер ұйымның директоры Ризабек Өтегеновтің айтуынша, құрылысқа пайдаланылған материалдар негізінен қазақстандық тауар өндірушілерден. Бірақ ішінара Ресей, Оңтүстік Корея және Жапония материалдары бар. Мұражайдың алдында Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші болады. Жобаның инвесторлары итальяндық компания. Екі мың орындық кітапхана мен театрды біріктіретін бұл орталық 10 га аумақты қамтып отыр. Жоба авторлары - елордалық мамандар. Сондай-ақ кітапханада 304 мың кітап болады.

Айта кетейік мұражайдың ашылуы осы жылдың 12 қазанына жоспарланған. Ал кітапхана 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір