• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 00:20:39
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

01 Қазан, 2019 Алматы облысы

Алматылықтарға ТЖ туралы жедел хабарлаудың тегін мобильді қосымшасы қолжетімді болды

Алматылықтарға ТЖ туралы жедел хабарлаудың тегін мобильді қосымшасы қолжетімді

Жобаны қала әкімдігімен бірге ТЖ Департаменті және қазақстандық компания - «I2NIK» ЖШС бюджет қаржысын жұмсамай, Smart Almaty концепциясы аясында жүзеге асыруда.

Мобильді қосымшаны Android және iOS базаларындағы құрылғылар арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алуға болады, қазіргі кезде оны 20 мыңнан астам тұтынушы пайдалануда.
«Darmen» қосымшасын жасау үшін Жапония және АҚШ-тың тәжірибесі зерттелді. Қосымша бірнеше секунд ішінде ғана халықты ТЖ-дың қаупі (соның ішінде дауылдар туралы ескертулер) жөнінде хабардар етеді.
Алматыға жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы бірегей функционал автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібере алады.
Мобильді қосымша қолдану тәжірибесінен өтті және бұрынғы SMS–хабарламалармен салыстырғанда ескертулерді жедел жібертінін көрсетті.
Darmen қосымшасын https://darmen.app/ кіру арқылы жүктеп алуға болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір