• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:08:44
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

30 Қыркүйек, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстауда «Адалдық Алаңы» жобасы аясында ашық бюджеттің интерактивті картасы енгізілді

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Департаменттің Алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Абельдинов Қуандық Қаршығаұлы мәлімдеді.

"Адалдық алаңы" жобасы аясында әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым бюджетін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында "Парламентаризмді дамыту қоры" ҚҚ бастамасымен және Нидерланды елшілігінің қаржылық қолдауымен "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) енгізілген.

        Карта нақты уақыт режимінде қалалық объектілердің құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау үшін бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметті көрсетеді. Кез келген азамат тәулігіне 24 сағат бойы анықталған бұзушылық туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ жоба аясында халықтық қатысу бюджетін кезең-кезеңмен енгізу шеңберінде "Бастамашы бюджет" модулін құру пысықталуда.

Жобаның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының үйлестіруімен қоғамда парасаттылық мәдениетін үдемелі қалыптастыру мақсатында елімізде күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарланудың, шамамен әртүрлі форматтағы шамамен 500-ге жуық іс-шарасы өткізілуде (еліміздің әр ауданында кемінде үшеу). Осылайша, ең қашық ауылдар мен кенттерді қоса алғанда, республиканың барлық елді мекендерінің тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен қамтылған.

Жоба бүгінгі күні мемлекет пен қоғам арасындағы өзгеше «дәнекерге» айналды, осының нәтижесінде қоғамдастық өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат тұрғысынан пікірін айтып қана қоймай, сонымен қатар оны іске асыруға тікелей қатыса алады.

Азаматтардың 7 мыңнан астам өтініші (ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы) олардың «Адалдық алаңы» жобалық кеңселеріне деген сенімін көрсетеді, олардың үштен бірі өздерінің бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді және проблемалық сұрақтарын шешкен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір