• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:12:15
Алматы
+35°

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан - қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады.

«Дара жол» бағдарламасы форматында ұйымдастырылған жүздесуге 10 «D» сыныбының оқушысы Камила Оразғалидың атасы Оразғали Өтеулиев, 10 «А» сыныбының оқушысы Бағдат Курентаевтың атасы Күреңтай Ізбергенов, 10 «С» сыныбының оқушысы Нұрберді Мырзабайдың атасы Сайлау Қалиев,12 «І» сыныбының оқушысы Жансая Балхаеваның атасы Жуманур Балхаев келді. Олар бозбалалық шақтары, армандары, еңбек жолдары, өмір және отбасылық құндылықтары туралы айтып, жиналған оқушыларды әңгімеге ұйытты. Өз кезегінде зияткерлер аталарына арнап, көрініс қойып, қазақтың киелі домбырасынан күй күмбірлетті.

  • Мектебімізге келген аталарымыз көпті көрген, өнегелік жолы бар, терең ойлы ақсақалдар екен. Маңғаз Маңғыстаудың қариялары көптеген тұщымды ойлар айтып, балаларды да өзімізді де рухани байытып, үлкен тәрбиелік сағатын өткізді. Кеш соңында балалар тіпті кездесуден кеткісі келмеді, - дейді мектеп директорының орынбасары Алтынзер Ихсанова.

актау

Сондай-ақ, зияткерлер ордасында қарияларға ізет көрсету мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Оқу ғимаратының бас дәлізінде балалардың ата-әжелерімен түскен суреттері қаз-қатар ілініп, ыстық лебіз білдіру тақтайшасы орнатылды.

Қарттарға құрмет осымен бітпек емес. Қазанның бесі күні «Мейірім өскіні» оқушылардың қайырымдылық тобы Маңғыстау облыстық қарттар үйінің ақсақалдарына «Bookcrossing» жобасы аясында кітаптар мен осы күнге дейін бірлесе өткізген кездесулерден естелік альбом сыйламақ. Сонымен қатар, қариялармен Каспий жағасына және қала ішіне экскурсия жоспарланған. актау

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір