• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:09:10
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу ауданындағы Шоқпар ауылы ең жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 85 шақырым жерде орналасқан. Осы себепті елді мекенде өрт сөндіру бекетін құру қажеттілігі бары жайында айтылып келе жатқанына біршама уақыт болған-ды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, мәселені шешудің әр түрлі нұсқалары ауылдық және аудандық әкімшіліктер деңгейінде қарастырылып, бекет құру ісін кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, бекетті ұстау үшін аудан бюджетінен 2 млн. 188 мың теңге бөлінді. Аталған бекет жеті штаттық қызметкерлермен жасақталған, оның ішінде 4 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші бар. Оларды өрт-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін 800 мың теңге бөлінді. Өрт сөндіру бекеті «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы ПЧ ШУ -50 мекемесінің ғимаратында орналасқан. Онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.

Жуырда, бекеттің құрылу және жасақталу жұмыстары мәресіне жеткен соң, өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу іс-шараларына Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев, Шоқпар ауылдық округі әкімі Рашид Шомбаев, Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Шу ауданы ТЖ бөлімі мен ӨСБ қызметкерлері, сондай-ақ Шоқпар ауылының тұрғындары қатысты.

Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы өрт ошақтарына шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады.

Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 20 шақырым радиуста 3 мыңнан астам тұрғыны бар 3 елді мекен орналасқан. Сондай-ақ Шоқпар темір жол станциясы және темір жол көлігінің басқа да объектілері бар.

Облыстық ТЖД Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бекетінің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен шартты өртті сөндіру бойынша теориалық және практикалық сабақтар өткізді, жаттығулар барысында олардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері, өрт кезінде өрт автокөлігінен су беру және су көздерінен су алу амалдары пысықталды.

Өрт бекетінің бірінші күнінен бастап бекет жасақтары тұрғын үйде орын алған өртті сөндіруге шықты, онда 100 түк шөп жануы орын алған. Жаңадан жасақталған өрт бекетінің қызметкерлері тапсырманы өртке бару уақытын қоса алғанда 25 минут аралығында ойдағыдай аяқтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір