• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:03:40
Алматы
+35°

Талдықорған қаласында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруымен  этномәдени бірлестіктер арасында «Мәдениеттер калейдоскобы» атты Жамбыл және Алматы облыстарының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  штабы мүшелерінің қатысуымен  өңіраралық тур өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі облыс жастарының кездесу туры  олардың бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этникасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге бағдарланған.   Кездесудің басы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың ізгі тілектерімен басталды.

– Біздің келуіміздің мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құндылықтарды қалыптастыруға, қазақ елінің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өркениетін, дүниетанымын Қазақстан халқы арасында насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру. Өңіраралық турдың негізгі міндетінің өзі - ұлттық мұраны нығайтуға және қазақстандық жас буындарға мәдени-рухани тәрбие беруге ықпал ету болатын. Осы тұста Алматы облысының тарихы мен мәдениетін таныстыру экскурсиясы жамбылдық жастарға рухани серпіліс әрі шығармашылық әлеуетін ашады деген сенімдемін. Облыстар арасындағы осындай бірлескен іс-шаралар этномәдени бірлестіктердің тәжірибе алмасып, екі өңірдің жастары арасында достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді» - деді          Рано Махсудқызы өз сөзінде.

Сондай-ақ, кездесу барысында Жамбыл облысының «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының атқарған жұмысы туралы өңірлік штабтың белсендісі Алиев Хабиб сөз сөйлеп, жыл бойындағы жолға қойылған жоспарлардың жүйелі нәтежиелерімен бөлісіп, екі облыстың жастар қанаты тәжірибе алмасты. Кездесу кезінде ҚР Президентінің жолдауы бойынша Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері Лигостаев Артур мен Пряхина Русалина және Алматы облысының өзге этнос өкілдері өзара пікір алмасып, ой қозғады.

         Өңіраралық кездесуде жастар Талдықорған қаласындағы М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану және І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайларымен танысты. Сондай-ақ,  Жамбыл облысының «Жаңғыру жолы» ЖҚ штабы мүшелері алматылық ағайынға тараздықтардың ыстық ықыласын жеткізу үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Алматы қаласының «Жаңғыру жолы» ЖҚ өкілдері жамбылдықтарды Алматы облысы, Үштөбе қаласындағы «Қазақ халқына алғыс!» атаумен депортацияланған этностардың ризашылығы ретінде салынған ескерткішпен таныстырды. Сан жылдық тарихтан сыр шертер ескерткіш жастардың назарына ерекше ілінді. Сонымен қатар, кездесу кезінде жастар Алматы облысы, Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев атындағы саябаққа саяхат та жасап үлгерді.

         Кездесу соңында жастар өңіраралық турдан алған әсерлерін ортаға салды. Жамбыл облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Хабиб Алиев турдан алған әсерімен бөлісіп, адағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын тауып, тәжірибе алмассақ екен деген тілегін де жасырмады.

         Жастарға жаңаша мүмкіндіктер сыйлап, тәжірибелерін еселеген, таным-тыныстарын кеңейткен турдың соңы екі облыстың бір-бірлеріне естелік сыйлықтар табыстаумен тәмамдалды. Бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла жұмыс істесе алынбас асу жоғын білген жастар аталған жиыннан ерекше әсер алып қайтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір