• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:25:45
Алматы
+35°

Жамбыл облысында кітапханашысы жоқ кітапханалар желісі даму үстінде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ашықтық приципінің негізгі қағидаларына сай студенттер мен жалпы оқырмандардың парасаттылығына сенім артатын ерекше жоба бұған дейін Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қолға алынса, жақында ғана Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті студенттеріне «Адал кітапхананы» кәдеге жарату мүмкіндігі берілді, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл кітапханалардың басты ерекшелігі мұнда оқырмандарға өздеріне өздері қызмет көрсетеді. Қалауы түскен кітапты қолына алған оқырман өзінің кітапты алғанын растайтын құжатты да өз қолымен толтырады. Онда тіпті кітапты кері қайтару күні де нақты көрсетіледі. Бұл жоба «Жамбыл адалдық алаңы» негізінде жүзеге асырылып отыр. Әділетті қоғам құрудың алғышарты саналатын кітапхан жұмысы оқырмандардың адалдығы мен парасаттылығына зор сенім артады.

–Әрине күнделікті оқу процесіне қажетті қарапайым кітапханадан алып оқу студенттер үшін қалыпты жағдай. Соның өзінде олар кітапты белгілі бір уақытта кері қайтару жауапкершілігін мойнына алады. Ал «Адал кітапханаға» бас сұққан оқырманның бұл жауапкершілігі екі еселене түседі.Осы бір дағдылар арқылы біз жастардың аса күрделі мәселелерді шешуде адалдық пен парасаттылыққа иек артуына үндейміз, –дейді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс қимыл агенттігі облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Равиль Төлебаев.

Өңірдегі ұстаздар ұстаханасы атанған оқу ордасында жұмысын бастаған «Адал кітапхана» аталған жоба қолға алынғаннан бергі аралықтағы екінші «ерекше кітапхана»саналады. Бұған дейін бұл жоба аясында оқырманның адалдығы мен парасаттылығына сенім артқан орталықтың Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ашылған болатын. Бұл кітапханалардың негізгі аудиториясын жасы 15-тен асқан және зейнет жасына дейінгі кез келген облыс тұрғыны құрайды. Алдағы уақытта өңірде дәл осында 7 кітапхана ашылатын болады. Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ашылған «Адал кітапханасында» оқырмандары өз қалауындағы кітапты оқып қана қоймай жеке, еркін және топтық жұмыстарды жасайтын орындарды кәдесіне жарата алады. Сондай-ақ дәрістерден тыс уақытта шахмат, дойбы ойнауға да болады. Педагог-ғалымдар да бұл кітапханалардан студенттер өзіне қажетті оқу құралдарын өзі таңдап, тауып алуы ізденімпаздығын нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір