• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:03:49
Алматы
+35°

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тарихи тұлғалар: тарихи-рухани сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Отандық тарих ғылымының белгілі ғалымдары қатысқан жиында өзге мемлекеттің тарихшылары да қатысып, қазақ тарихына қатысты тың деректерімен бөлісті, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларының негізгі өзегі тарихты тану арқылы өткеннен сабақ алуды көздейтіні жасырын емес. Бүгінде қазақ шежіресіндегі кей жүздерге ру ретінде енгізілген кей тайпалалық одақтардың қазақ этнонимі пайда болғанға дейін ірі мемлекет болғанына тарих. Тіпті олардың Еуразия мемлекеттеріндегі геосаяси жағдайға ықпалы өте зор болған.

Бұл тақырып төңірегінде «Тарихи тұлғалар: тарихи-рухани сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушылары мол мәліметтерімен бөлісті. Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткері, Өмірбек Бәйгелді, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дербісәлі Әбсаттар , ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Талас Омарбеков сынды белгілі тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Сондай-ақ шараға арнайы қатысқан Болгария, Ресей, Өзбекстанның шығыстанушы ғалымдары қазақ халқының этникалық тарихы, соның ішінде дулат тайпасы мен ұлы бабаларымыздың мұрасына қатысты зерттеу жұмыстарының нәтижесін ортаға салды. Мәселен Чувашия ғылым Академиясының академигі, Ресей, Чуваш Жазушылар одағының мүшесі Әбдуқадір Дәуітбек өз ғылым зерттеулерінде дулат тайпасының тереңнен тамыр тартатын тарихымен бірге олардың кейінгі ұрпақтарының Еуразия даласындағы бірқатар мемлекетке басшылық етіп, кәрі құрлықтағы геосаясатта ықпалды тұлғалар болғандығын айғақтайды.

Сәйкесінше қазақстандық тарихшы ғалымдарда ұлы бабаларымыз жайындағы мол деректердің бірқатар шетелдік мұрағаттарда сақталғанын айтып, оны зерттеу жұмыстарына жан бітірудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив 2025» бағдарламасының мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір