• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:06:57
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы ересектерге арналған санаторийінде емдеу-сауықтыру шараларының тың тәсілі қолға алынған. Облыс әкімінің тікелей бастамасы мұнда ем алушыларға бір мезгіл жаңадан сауылған саумал беріле бастады. Ол үшін санаторий жанынан сауын жылқыларды ұстауға арналған қоражай да салынған. Мұнда сауылған бие сүтінің артылған бөлігі қымыз ретінде дайындалып, облыстық фтизиопульмонология орталығына(бұрынғы облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне) жіберіледі, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бері қолға алынған баянды бастама өкпе ауруына ұшырағандардың дертіне халықтық медицинамен дауа табуға мүмкіндік беруімен ерекшеленгелі тұр. Қадым заманнан желі құлын байлап, Қамбар ата түлігі сүтінің қасиетін сезінген қазақ халқы антибиотик ретінде дәл осы қымызды пайдаланғаны тарихтан белгілі. Қарыштап дамыған жаңа технология дәуірінде де денсаулық саласының мамандары ұлттық сусынның пайдасы зор екендігін мойындайды.

–Біздің санаторий бұрын өкпе ауруымен ауырған және созылмалы өкпе қабынуына ұшыраған азаматтарға ем-дом жасау арналған. Мұндағы емдік шаралар кезінде емделушілерге ұсынылатын сүт өнімдерінің тәуліктік нормасы 500 милилитрді құрайды. Осының 250 милилитрін біз саумал ретінде бере бастадық. Бұл бастаманы облыс әкімі көтеріп, қала іргесіндегі санаторий ретінде біздің мекемеде қолға алуды тапсырды. Нәтижесінде биыл мамыр айында өткен мемлекеттік сатып конкурсында жеңімпаз танылған «Ақназаров» жеке кәсіпкерлігі санаторий жанына 7 бас бие байлап, емделушілерге күнделікті саумал беруді ұйымдастырып жатыр. Тәулігіне мұнда 15 литр саумал ішіледі. Одан артылған 30 литр бие сүтінен қымыз дайындалып, облыстық фтизиопульмонология орталығына жіберіліп отырады. Саумал өкпе ауруымен бұрын ауырғандарға өте жақсы көмектеседі. Әсіресе оны таңғы тамақтан кейін 2 сағат соң ішкен дұрыс. Және саумалды сауылғаннан кейінгі 30 минут ішінде тұтыну құпталады. Тіпті санаторий жанынан арнайы киіз үйде тігілді. Ал өкпе ауруының белсенді түрімен емалып жатқан науқастарға қымыздың берері мол. Келесі жылы бие басын көбейтіп, Тараз қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы балаларға арналған санаторийін де жаңа сауылған саумалмен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, –дейді облыстық туберкулезге қарсы ересектерге арналған санаторийінің бас дәрігері Ержан Әбдіхалықов.

Бүгінде санаторийде 58 адам ем алып жатыр. Оларды емдеудің бір курсы 14 тәулікке созылады. Өткен екі жыл ішінде мұнда 2269 адам ем алған. Ал жыл басынан бергі 7 айда санаторийде 848 адам ем-дом қабылдаған. Олардың арасында ұлттық сусынды қолдана отырып, сауықтырудың тың тәсіліне жүгінгендері де баршылық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір