• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:00:07
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. Осы мақсатта Елбасы «Ауыл – ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді. «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл – ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», – деді Мемлекет басшысы. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Соның бір жарқын мысалы біздің ауданда да көрініс табуда. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы орталығы саналатын Сарыкемер ауылын дамытуға бағытталған нақты істер жүзеге асырылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі .

Жоба аясында жолдар жөнделіп, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілуде. Дәрігерлік амбулатория, балабақша мен мәдениет үйлері сынды әлеуметтік нысандар құрылысының жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Ауыл аумағын абаттандыру ісі де жақсы қолға алынған. Әр ауылда шыршалар отырғызылып, гүлзарлар егіліп, жүргіншілер үшін жолдар салынуда. Атап айтар болсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша ұсынылған жобалардан Сарыкемер ауылында барлығы 948,0 млн. теңгеге 29 жоба іріктеліп алынды. Оның ішінде, көшелерді жарықтандыруға 4 жоба 372,6 млн. теңгеге, білім нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 4 жоба 253,7 млн. теңгеге, денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 2 жоба 93,9 млн. теңгеге, спорт нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 3 жоба 60,1 млн. теңгеге, мәдениет саласына 5 жоба 52,5 млн. теңгеге, жолдарды жөндеуге 10 жоба 108,0 млн. теңгеге және 1 жоба жұмыспен қамту орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеу 7,2 млн. теңгеге жөнделуде. Жұмыстардың уақытылы және сапалы атқару мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, тұрақты бақылауға алынды. Қазіргі таңда, 29 жобаның жеңімпаздары анықталып, 28 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бәйтерек ауылдық округіндегі “Жиделі” көшесінде жол жабынын орташа жөндеу жұмысы жобасы ғана басталмады. Ал, бүгінгі таңда 29 жобаның 11 жобасы аяқталды. Олар: Сарыкемер ауылындағы орталық аурухананы ағымдағы жөндеу, балалар жасөспірімдер спорт мектебін ағымдағы жөндеу, Сарыкемер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның шағын стадионын ағымдағы жөндеу, Бәйтерек ауылдық округіндегі “Новая” және “Байзақ батыр” көшелерін электрмен жарықтандыру, ағымдағы жөндеу, Сарыкемер ауылындағы орталық кітапхана ғимараты мен мұражайды ағымдағы жөндеу, сонымен қатар, Сарыкемер ауылындағы “Байзақ батыр”, “Д.Қонаев”, “Төле би”,

“Ж.Дидарбеков”, “Ұ.Сыздықбаев”, “Наурыз”, “Сапаралиев”, “М.Әуезов”, “М.Әуезов бұрылысы”, “Райымбек баба”, “Бұралқиев”, “Ы.Сүлейманов”, “Құлымбаев”, “Сыпатай батыр”, “Бәйдібек баба”, “М.Мәметова” көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың шілде айы мен тамыз айына игеруге жоспарланған қаражат 185 260 млн. теңгені құраса, оның 184 798 млн. теңгесі игеріліп, игерілмеген қаржы көлемі жергілікті бюджеттен 5 690 млн.теңгені құрап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасының іске қосқанын жоғарыда айттық. Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір