• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:36:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысы, Байзақ аудандық емханада Президент Жолдауы жаңа форматта талқыланды. 635 партия мүшесі бар «Дана» бастауыш партия ұйымы партияластармен пікір алмасып, еркін форматта жиын ұйымдастырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Рыскелді Сапарбеков пен бастауыш ұйым мүшелері қатысты. Күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент Жолдауына байланысты “Дана” бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнар Мамырбаева баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген “Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді. Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс” – деген міндеттеріне тоқтала келе, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытына назар аударды. Жолдауда Президент халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінетінін, дегенмен, бұл көрсеткіш дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көптігін айтты.

Гүлнар Серікқызы Жолдаудағы Мемлекет басшысының: “Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет” – деген тапсырмасы бойынша атқарылар міндеттерге тоқталды. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың жеті айы қорытындысында аудан тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері бойынша жалпы өлім деңгейі 2,1-ден 1,9-ға төмендесе, соңғы бес жылда ана өлімі тіркелмеген. Ал, сәбилер өлімінің көрсеткіші 8,6-дан 6,7-ге төмендепті. Сонымен бірге, соңғы үш жылда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілген. Осы

жылдың өзінде тұрғындармен 14 кездесу ұйымдастырылып, аталмыш кездесулерге 36 275 адам қамтылған. Аудан аумағына 3 дана билборд, 24 баннер, 2 стенд және аудандық аурухана сайтына 130 материал орналастырылған. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарына 35 мыңнан астам буклеттер мен парақша, жаднамалар таратылып, жергілікті басылымға 17 мақала жарияланған. Баяндамадан соң “Дана” бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары, бюро мүшесі Сәуле Бөлтірікова жарыссөзге шығып, Жолдаудан туындайтын міндеттер тұрғысында сөз қозғады. Дәстүрлі жиналыс түрінде емес, пікір алмасып, еркін форматқа ыңғайлстырылған жиында оған қатысушылар белсенділігін байқатты. Маңызды құжаттың басымдықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ой бөлісті. Бірқатар мәселелердің жүзеге асырылу жайында ұсыныс-тілектер талқы таразысына салынып, бастауыш ұйым мүшелері бірауыздан шешім қабылдады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір