• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:20:34
Алматы
+35°

01 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

«Қазағым» деп, қырыққа келді азамат!...

Болат Мүрсәлімді танығың келсе, онымен тек әңгімелесу керек.

1- қазан. Бүгін  Болат Мүрсәлім қырыққа толды.

Біреулер бар, істегенін жария қылады. Соны жаны сүйеді. Бүкіл білгенін әлеуметтік желіге жариялайды. Қайда барғанын салады. Халық  үшін жұмыс істеп жүргендей өзін жиі көрсетеді.

Ал бірақ ұлт үшін ұтымды жұмыс істеудің жөні бөлек. Болат Мүрсәлім осындай азамат. Ол отызында орда бұзып, қырық жасына қайраттанып келді. Қазаққа қызмет қылды. Көркем мінезбен келді. Ақтаңдақты ақтарды. «Алашорданың» абыройын асырды. Ақиқатты айтты. Алаш идеясымен қаруланған адам өзінің шын қазақ  екенін өзгеге үнсіз ғана мойындатады. Тарихты құныға зерттеген адам, оны бағалаған адам ғана ұлтын сүйеді.

Болат Мүрсәлім қырық жасына дейін қарқынды жұмыс істеді. Халықтың көкірек көзін ашып, күні -түні «Күлтөбеде» жүрді. Көрерменге «Мезгілдің» мәнін ұқтырды. Бүгін де  «Сөздің шыны керек» деп жүгіріп жүр.

Ол – журналист, Ол – әдебиеттанушы. Ол – Алаш зерттеушісі. Болат Мүрсәлім – әдебиетте жақсы есім көрсе, қуанып тілектестігін білдіріп отыратын  қамқоршы аға. Ол сөз өнеріне сергек қарайтын атпал азамат.  

Ол интернетті ақтарды, көне жазбаларды қопарды. Алаш қайраткерлерінің фотоларын іздеді. Жинақтады. Ресей мұрағаттарын кезді. Әлихан Бөкейханның Думаға депутат болған кездегі ескі фотосын тапты. Алаш тұлғаларының атылар алдындағы жүрек ауыртар суреттерін көрді. Оны жұртшылыққа жария қылды. Мұны тарихын, ұлтын сүйіп жаны ауырған, жанашыр адам  ғана істей алады.

Болат Мүрсәлімді танығың келсе, онымен тек әңгімелесу керек. «Қазағым»  деп, қырыққа келген азамат әлі де ұлт үшін ұтымды жұмыс жасай береді. Сенеміз...

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір