• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 20:23:24
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

27 Қыркүйек, 2019 Жамбыл облысы

Жамбыл облысы: түйткілді мәселелер талқыға түсті

Жамбыл облысы «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі бірлескен отырыс өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Алтынбек Жамишжановтың төрағалығымен өткізілген отырыстың күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Алдымен күн тәртібіне сәйкес, “Байзақ ауданы бойынша мектептердің 2019-2020 жаңа оқу жылына дайындығы туралы” аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев есеп берді. Баяндамашы жаңа 2019-2020 оқу жылында ауданда 87 білім беру ұйымдары жұмыс істейтінін, осы білім беру мекемелерінде 20 851 оқушы білім алуда екенін жеткізді.

Білім нысандарын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жалпы құны 15 млн. 150 мың теңге бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, өрт сатыларын сынақтан өткізу және өртке қарсы дабылқаққыштарды ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылып, бірқатар мектептердің ескірген әжетханалары жаңаланған. Білім нысандарын қысқы жылыту маусымына дайындау мақсатында, жергілікті бюджеттен 2 163 тонна қатты отынға 36720,0 мың теңге, көгілдір отынға 44089,0 мың теңге қаралыпты. Қазіргі таңда, қатты отын толығымен мектептерге тасымалданған екен. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің 28-і газға қосылса, 9-ы қатты отынмен жылытылады. Ағымдағы жылға 397 тонна қатты отынға сұраныс беріліп, бүгінгі күнде оның 282 тоннасы түсірілген. Қалған 117 тоннасы 10 қыркүйекке дейін алынбақ.

Бұдан бөлек, осы жылы жергілікті бюджеттен қаралған қаражатқа Бурыл, Ш.Уәлиханов орта мектептерінің жылу жүйелері ауыстырылып, А.Суханбаев, Амангелді орта мектептерінің жылыту қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде екен. Ал, Абай орта мектебінің жылыту қазандығы қауіпсіз аймаққа шығарылса, А.С.Пушкин, Аққия орта мектептері мен “Саялы”, “Ерасыл” бөбекжай – бақшаларының жылыту қазандықтары көгілдір отынға қосылған.

Өз кезегінде отырыс төрағасы Алтынбек Жамишжанов мектептер мен балабақшаларды қатты отынмен қамту, қысқы кезеңде жарық мәселесі бойынша автономды режимге дайындық барысы туралы сұраса, комиссия мүшелері Шолпан Байтақова білім беру саласына жас мамандарды тарту, квотамен жұмысқа орналастыру, Алтай Тастанов Көктал ауылындағы құрылысы аяқсыз қалған мектеп мәселесіне көңіл аударды. Ал, комиссия мүшесі Сәкен Молдабеков газ кіргізіліп жатқан елдімекендердегі мектептерге газ тарту, қатты отыннан көгілдір отынға ауыстыру жолдары жөнінде сауалын жолдады. Нұржан Тоқбергенұлы комиссия мүшелерінің сұрақтарына нақты жауаптар қайтарды. Сонымен қатар, күн тәртібінде партия мүшелері, бұрынғы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Жансая» бөбекжай – бақшасының меңгерушісі

Бағлан Тажибаева мен «Дәулет» балабақшасының меңгерушісі Гулнур Жакыпбекованың партиялық жауапкершіліктерін қарау туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде отырыс қатысушылары тарапынан аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросына «Жансая» бөбекжай – бақшасының меңгерушісі Бағлан Тажибаева мен «Дәулет» балабақшасының меңгерушісі Гулнур Жакыпбекова «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 3.6 – тармағы, 2 –тармақшасы, 3.8 – тармағына және «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Этика кодексінің 1 – тармағы, 8-9-13 – тармақшалары талаптарына сәйкес, партиялық жауапкершіліктерін қарау ұсынылды. Отырыс соңынан күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданды

Ілмек сөздер: жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір