• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:52:10
Алматы
+35°

Алматы әкімі Б. Сағынтаев бірінші қазан күні Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен Арыс қаласында жөнделген – қалпына келтірілген жұмыстардың сапасын тексерді, деп жазады almaty.gov.kz сайты.

Еске салсақ, қала 24 маусымда болған жарылыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен еді. Бүкіл ел болып жұмылып, қала қалпына келтірілді. Ол үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар саны бойынша Арыс 17 секторға бөлінді. Алматыға № 14 сектор берілді.

Оңтүстік астананың жауапкершілік аймағында қалпына келтіруді қажет ететін 531 үй анықталды. Егер 503 үйдің жөндеу жұмыстары туралы (бұзылу деңгейіне орай күрделі немесе косметикалық жөндеу) әңгіме қозғалса, 28 үйді қайта салып шығу қажет болды.

Алматы секторын бес компанияның 300-ден астам құрылысшылары қалпына келтірді.

ва

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір