• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:46:50
+35°

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасының жойылатыны белгілі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева одан бөлек тағы 28 анықтаманың да жойылатынын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат.

«Елімізде мекенжайы анықтамасын жою – жұмыстың басы ғана. Біз қазіргі уақытта дәл осындай 28 анықтаманы жоюды көздеп отырмыз. Яғни, тағы 28 анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалады», – деді Әсемгүл Балташева елордада өтіп жатқан «Цифрлық күз» шарасында.

Оның айтуынша, әртүрлі сипаттағы анықтамалар мен құжаттар өмірлік қажеттіліктерден туындайды.

«Біз шетелдік тәжірибелердің көбін зерттеп, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін ауқымды талдау жұмыстарын жүргіздік. Белгілі бір құжатты алу үшін міндетті түрде уақыт бөліп, мекеме аралаудың қажеттігі жойылып барады. Мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті түрде алу мүмкіндігін жолға қойдық. Проактив дегеніміз – қызметтің өзінің азаматтарды іздеп табуы дегенді білдіреді. Қайда барам, не істеймін деп бас қатырудың керегі жоқ. Осынау 28 мемлекеттік қызметтің түрін 17 проактивті қызметке ауыстырып жатырмыз. Яғни, 28 қызметтің түрін регистрден алып тастаймыз», – деді Әсемгүл Балташева.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі Қазақстанда мекенжай анықтамасы жойылатынын бұған дейін хабарлаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір