• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:53:54
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Жарма ауданына жұмыс сапарымен барып, ОВ-156/18 мекемесіндегі өндірістік аумақта болып, жылу қазандығының құрылысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, жылу қазандығының құрылысы 2011 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоспарға сәйкес нысан 2013 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда жобаны іске қосу жұмыстары барысында қиындықтар туындады. Бұдан бөлек, 2016 жылы жобаның бас құрылыс мердігері болып тағайындалған «Құрылыс-монтаж кәсіпорыны – Алматы» ЖШС банкротқа ұшырады. Жалпы айтқанда, құрылыс-монтаж жұмыстары 71 пайызға орындалған. Осы күнге дейін ауыл тұрғындары 1965 жылы салынған ескі қазандықты пайдаланып отыр. Қазандық мазутпен жұмыс істейді. Даниал Ахметовтің айтуынша, соның салдарынан айтарлықтай шығынға баттық. Себебі жылу қазандығының ксплуатациясына жыл сайын 500 миллион теңге жұмсалған. Соған қарамастан үйдегі жылу талапқа сәйкес келмеген.

ап

Ағымдағы жыл басында комиссия құрылып, құрылысы бітпеген нысанда техникалық зерттеу жүргізілген. Сөйтіп, шілде айында бұл жұмысқа «АзияЭнергоПроектМонтаж» ЖШС жаңа мердігер болып тағайындалды.

Компания түзетулер енгізіп, жобадағы қателерді жөндеп, жылу қазандығының құрылысын аяқтады. Қазір нысанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

– Бірнеше күннен кейін жаңа жылу қазандығы қолданысқа беріледі. Осылайша, қаншама жылдан бері тұрғындардың алаңдатып келген мәселе шешімін тапты. 10 қазаннан бастап ауылдағы барлық үйге жылу беріледі, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Шуақ кентінде 500-ге жуық отбасы тұрады. Онда 9 көпқабатты тұрғын үй бар. Қылмыстық-түзеу мекемесінде ұлттық гвардияшыларды қосқанда 550 адам жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір