• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:41:02
Алматы
+35°

Биыл Зайсан ауданында 338 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов мәлім етті.

– Аудан тұрғындарының орташа айлық жалақысы 124906 теңгені құрайды, – деді Серік Ақтанов.  

Ағымдағы жыл басынан бері аудандағы жұмыспен қамту орталығы мамандарының көмегіне 1478 адам жүгінген. Оның ішінде 969 еңбекпен қамтамасыз етілген. Ауданда 2017-2021 жылдар аралығында халықты жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы үш бағытта жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 95 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті, бұл мақсатқа 15,1 млн. теңге қарастырылған.

Ал екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау-бизнес» жобасы арқылы 129 адам оқытуға жолдама алып, барлық қатысушы сертификаттарға ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір