• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:55:32
Алматы
+35°

02 Қазан, 2019 NEWS

Алдағы күндері 12 градусқа дейін үсік жүреді

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде 12 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды. «Қазгидромет» РМК

«Суық және ауқымды антициклонның орталығы Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысты, бірақ оның салдары алдағы үш күнде республиканың көптеген аймақтарында ауа-райын анықтайды. Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, түнде аяз болады», - делінген ресми хабарламада.

3-5 қазан күндері республиканың орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура 1-7 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде термометр 12 градусқа дейін төмендейді.

Күндізгі температура көтеріле бастайды, бірақ әлі күнге дейін ол климаттық нормадан төмен болып тұр. Батыс өңірлерде температура 3-5 градусқа жоғары.

Сондай-ақ, синоптиктер Қостанай облысында дауылды ескерту жариялады. 3 қазанда облыстың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір