• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:01:18
Алматы
+35°

ШҚО-да Жаңа Ахмердегі полигон аймағында әскери жиын өтті. Оған ШҚО-дағы Өскемен мен Ұлан ауданындағы әскери міндеттілер қатысты. Олардың дені аумақтық қорғаныс ротасының жазылушылары. Әскери жиынға қатысушылардың бәрі кезінде ҚР Қарулы күштерінде жедел қызмет атқарғанын атап өткен орынды.

Тактикалық-арнайы жаттығу барысында бөлімшелер арасында жауынгерлік атыс ұйымдастырылды. Ақтық кезеңге облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев, сондай-ақ өңірге қарасты қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты. Нәтижесінде аумақтық бөлімшенің әскери міндеттілері «Взвод қорғаныста» бөлімінің барлық талабын орындады.

ШҚО-дағы жұмылдыру басқармасы мен әкімнің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі Әділет Сақауовтың ұйымдастыруымен ШҚО-дағы қорғаныс істері жөніндегі департаментте қалалар мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ аумақтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне арналған теориялық сабақ өткізілді. Онда қатысушыларға мобилизацияланған дайындық пен аумақтық қорғанысты қалай дұрыс жүргізу керектігі туралы кеңінен түсіндірілді.

ШҚО-дағы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Қайырбек Қайрқанов ҚР Қарулы күштерінде жедел әскери қызметін өтеу сынды басқа да тақырыптар бойынша дәріс оқыды.

шқо

Тактикалық-арнайы жаттығуының өтуіне ҚР Ұлттық гвардиясы, ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетті. Аталмыш құрылымдар мина-жарылғыш бөгеттерді табу, жаралы жауынгерді ұрыс алаңынан әкету, қойма маңындағы өртті ауыздықтау жұмыстарына жұмылдырылды. Әскери міндеттілер атыс және тактикалық ұрыс сабақтарына қатысты. Сонымен қатар жауынгерлік білімдері мен қаруды дұрыс ұстау қабілеттерін шыңдап қайтты.

Бұл әскери жиын бөлімшелерді қорғаныс нысандары мен шетелдегі тапсырмаларды бірлесіп орындауға үйретті.

Жиын ҚР Қорғаныс миинистрлігінің жоспарына сәйкес жүргізілді. Сондай-ақ ШҚО әкімдігінің қаулысына орай жергілікті атқарушы органдармен және 99230 әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне арналған тактикалық-арнайы жаттығу өтті. Оған аумақтық қорғаныс бөлімшесінен келген 88 әскери қызметкер қатысты.

Айта кетейік, жаттығу жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды. Жиын соңында үздік нәтиже көрсеткен әскери міндеттілерге грамоталар табысталды.

шқо

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір