• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:04:48
Алматы
+12°

03 Қазан, 2019 NEWS

Өгей әкенің аяусыз ұрып-соғуынан 2 жасар бала көз жұмды

Алматыда өгей әкесі 2 жасар бүлдіршінді аяусыз ұрып-соққан. Соның салдарынан бала ауруханада көз жұмды. Ол ұзақ уақыт комада жатқан еді, -деп хабарлайды "Qamshy" ақпарат агенттігі.

 Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, соққы салдарынан ауыр жарақат алған бала бүгін таңертең сағат 8-дің шамасында көз жұмды.

 Бүлдіршіннің өлімін қалалық полиция департаментіндегілер де растады.

 «Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді», - дейді полиция департаментіндегілер.

 Қазіргі таңда күдікті тұтқындалды. Өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторында отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір