• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:47:41
Алматы
+35°

03 Қазан, 2019

Гонконгтағы наразылық: резеңке оғы журналисті бір көзінен айырды

Қазанның 1-і күні Қытай Коммунистік партияның  70 жылдығын Пекинде шерулетіп жатқан кезде, Қытайға жартылай бағынатын Гонконг халқы наразылық білдіріп, полициямен қақтығысқа түсуін жалғастыруда.  

Қазанның 1-і күні Қытай Коммунистік партияның  70 жылдығын Пекинде шерулетіп жатқан кезде, Қытайға жартылай бағынатын Гонконг халқы наразылық білдіріп, полициямен қақтығысқа түсуін жалғастыруда.  

 Халықтың наразылық акциясы үш айдан астам уақытқа созылған. Акцияға себеп болған жағдайдың бірі тұтқындарды Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылық.

Әлемнің 24 елінде, 65 қалада Гонконгтегі наразы топты қолдау акциясы болып өтті. Еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары да 29 қыркүйек күні 50-ге жуық адам наразылық шарасын өткізді.

Бүгіннің өзінде Гонконгтағы наразылық басылар емес. Белсенділер снаряд, бензинді бомбамен қаруланып, Гонконгтың бірнеше аудандарында полициямен қақтығысып жатыр деп хабарлайды BBC News  ақпараттық агенттігі.

Полиция 269 адамды қамауға алып, 100-ден астамы ауруханаға жеткізілді. Сейсенбі күнгі орын алған қақтығыс кезінде полиция 900 резеңке оқ пен 1400 көзден жас ағызатын газ оғын шығарған.

Жексенбі күнгі болған қарсылық кезінде индонезиялық «Суара» газетінің журналистіне резеңке оғы 12 метр қашықтықта көзіне тиген. Журналисттің адвокаты Майкл Видлердің айтуынша: «Ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның мәңгілікке көру мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді.»

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір