• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:52:48
Алматы
+35°

3 қазан күні Алматыда БАҚ және баспа қызметкерлеріне арналған "Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны" республикалық семинары болып өтті. Жиынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Семинарда жаңа әліпби емлесі түсіндірілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жиынды ашқан "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов латын негізді қазақ әліпбиіндегі даулы таңбаларға қатысты пікір білдірді.

"Көпті толғандырып жүрген 4-5 таңбаға байланысты ұсыныстар әзірлеп, үкіметке жолдадық. Мәселе ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында да көтерілгені белгілі. Сондықтан ескертпелер ескерусіз қалмайды деп ойлаймыз" деді ол.

Семинар кеңесте "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы латын негізді қазақ әліпбиін үйретуге арналған ІТ жобаларды таныстырды.

Емле ережелер мен жазуды кириллден латынға, латыннан кириллге аударатын  конвертор qazlatyn.kz сайтында қол жетімді. Сондай-ақ семинар барысында қазақша сөздердің мән-мағынасын білдіретін sozdikqor.kz сайты мен sozdikqor_bot телеграм боты таныстырылды.

 

"Латынграфикалы жаңа әліпби негізінде сапалы қазақтілді контент қалыптастыру: мәселелер мен ұсыныстар" тақырыбында баяндама жасаған "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың ғылым хатшысы Анар Фазылжанқызы отандық сайттардың 12 пайызы ғана қазақша екенін айтып, қазақтілді контентті көбейтудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Анар Фазылжанқызы "і", "ш", "у" сынды дыбыстардың таңбаларына қатысты ашық хаттар мен ұсыныстар білдіріліп жатқанын айтты.

"Аталмыш мәселеге байланысты ғалымдар мен көптің пікірі ескеріліп, даулы дыбыстардың таңбалануы өзгеретін күн алыс емес" деді ғалым.

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Құралай Кудеринова жаңа емле ережелер бойынша күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің қай кезде бірге, қай кезде бөлек жазылатынын түсіндірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір