• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:00:42
+35°

«Қазақстаның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында іске асырылатын ең танымды және беделді жобалардың бірі. Ағымдағы жылдың қазан айында Жобаның үшінші кезеңі басталды.

«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен Жастар жылы болып белгіленгенін ескере отырып, биылғы жылы 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарлануда.

Үміткерлер ruh.kz сайтында өтінім толтырып, қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп Жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 25 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір