• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 01:20:43
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

03 Қазан, 2019 NEWS

Түбіртек бермегендерді әшкерелегендерге 1000 теңге беріледі

Фискалды чек бермейтіндерді анықтауға бағытталған "Мемлекеттік бақылау" жобасы республикалық ауқымда жұмыс жасамақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
12 тамызда елордада басталған пилоттық жоба қараша айына дейін жалғасады. Осы аралықта 52 астаналық түбіртек берілмеген әрекеттер туралы хабарлап, 1000 теңге көлеміндегі сыйақыларын алған.
 
"30 қыркүйектен бастап пилоттық жоба тұтас республика аумағында әрекет етпек, яғни түбіртек бермеген деректер туралы хабарлағандарға сыйақы (мобильдік телефон балансын толықтыру) барлық қазақстандықтарға беріледі" деп хабарлады комитет өкілдері.
 
Сыйақы тек түбіртек берілмеген деректің видеотүсірілімі болған жағдайда ғана беріледі. Сондай-ақ онда дүкен, сауда үйі, базар я басқа да сауда нүстесінің атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс. Видеоматериалдарды Wipon мобильдік қосымшасы арқылы жіберуге болады. Арызды жолдарда өзіңіздің аты-жөніңізді, ЖСН номерді, байланыс номерді жіберу міндетті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір