• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 00:06:39
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

04 Қазан, 2019 NEWS

Қай өңірдің тұрғындары көп ақша табатыны белгілі болды

Алматы тұрғындары басқаларға қарағанда ең көп табады. Орташа есеппен әр алматылық айына 234,9 мың теңге еңбекақы алады екен. Бұл жөнінде Finprom.kz сайты хабарлайды.
 
Статистика комитетінің хабарлауынша, астаналықтардың орташа табысы 226,7 мың теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 6,2 пайызға жоғары. Үштікті айына орташа есеппен 199,7 мың теңге табыс табатын қарағандылықтар түйіндеп тұр. Бестікке Маңғыстау облысы (198,4 мың) мен ШҚО (191,7 мың) кіреді.
 
Ең төменгі табыс Түркістан (100,4 мың тг), Жамбыл (128,1 мың теңге) және Қызылорда (137,7 тыс. тенге) облыстарында тіркелген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір