• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:23:38
Алматы
+12°

04 Қазан, 2019

Президент Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін әділ қарау туралы ең жоғарғы деңгейде өтініш білдірді

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайда тұтқындалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат.  тілшісінің дерегіне сүйеніп.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайда тұтқындалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат.  тілшісінің дерегіне сүйеніп.

«Президент Қытайға барғанда, істі барынша әділ қарау туралы ең жоғарғы деңгейде өтініш білдірді. Дегенмен, өздеріңіз білесіздер, сот процесі әлі жүріп жатыр, сондықтан күтеміз. Сот процесінен кейін бәлкім, оны экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз», - деді Мұхтар Тілеуберді «Nur Otan» партиясындағы қабылдауда тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға араша түсті .

3 қыркүйекте Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қылмыстық ісі бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды.

21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір