• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:45:12
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге, ауыл шаруашылығы саласын алға бастыруға, инвестиция тартып, салықтық түсімдерді арттыруға басымдық берді. Мұның мән-маңызы түптеп келгенде жұмыс орындарының санын көбейтіп, әлеуметтің әлеуетін арттырумен ұштасып жатыр.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді»,-деп атап көрсетіп, бұқара мен биліктің байланысы беки түсетіндігін жеткізді.

Әлеуметтің әлеуетін арттырудың тиімді жолы-жұмыспен қамту шараларын жандандыру. Осы орайда Жамбыл облысындағы Қордай ауданында тындырымды тірліктер тіктелуде.

Жалпы, аудан бойынша ағымды жылдың 8 айында ресми түрде жұмыссыздар есебінде 1035 адам тіркелген. Бекітілген межеге сәйкес жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандарының үлесі 65 пайызға жоспарланып, 87 пайызға орындалуда. Яғни жұмыспен қамту орталығына қайырылған 2342 азаматтың 2021-ін жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне атаулы әлеуметтік көмекпен аудан бойынша 2756 отбасы немесе 15104 адам қамтылып, 899,0 миллион теңгеге жәрдемақы төленіпті. Оның ішінде республикалық бюджеттен 799,5 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 99,5 миллион теңге қарастырылған.

Сонымен қаар 2019 жылға 1 қыркүйекке еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылар үлесі 32,4 пайызды құрайды. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушы қатарынан шартты ақшалай көмекпен қамтылған 13943 азаматтың 2646-сы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Бір сөзбен айтқанда межелердегі бекітілген 6 индикаторлардың барлығы орындалуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір